Qazaq Banki реттеушіден жазбаша ескерту алды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2018 жылдың 19 сәуірінде Qazaq Banki-не жазбаша түрде ескерту берді», — делінген KASE сайтындағы жариялымда.
Ұлттық банктың жазбаша ескертуін Bank RBK-да алды. Банк бұл ескерту есеп уақытылы бермегендіктен берілді, деді.