Оқудан шығарылған студенттер жанайқайларын жеткізді

Қысқаша

Кеше белгілі болғандай, елордалық «Астана» медициналық университетінің жүзден астам студенті магистратураға түскен кезде жалған IELTS сертификаттарын пайдаланғаны үшін оқудан шығарылған. Студенттер жоғары білім мен шәкіртақыға жұмсалған мемлекеттік қаража

Ағылшын тілі бойынша жалған сертификаттар пайдаланғаны үшін оқудан шығарылған студенттер алаяқтардың құрбаны болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасы.

20160623181251.jpg

Оқудан шығарылған 117 студенттің екеуі телеарнаға болған жайттың мән-жайын түсіндіріпті.  Алена Бессарабова мен Венера Алматова айтқандай, IELTS сертификатын оларға бір әйел берген екен. Ол қыздарды өзі іздеп тауып, ағылшын тілі курсын оқып, халықаралық деңгейдегі құжат алуды ұсынған. Қылмыстық істі тергеу кезінде студенттер жалған сертификат берген әйелді көрсеткендерін айтады.

«Біз алаяқтардың құрбаны болдық, сол себепті қазір қандай да бір мүмкіндік болса, диссертациямызды қорғауға бір-ақ ай қалғандықтан, оқуға қайта қабылданып, қорғай аламыз ба? Оқу бағдарламасын толығымен аяқтағанбыз», — дейді студент Алена Бессарабова.

Кеше белгілі болғандай, елордалық «Астана» медициналық университетінің жүзден астам студенті магистратураға түскен кезде жалған IELTS сертификаттарын пайдаланғаны үшін оқудан шығарылған. Студенттер жоғары білім мен шәкіртақыға жұмсалған мемлекеттік қаражатын қайтаруы тиіс.