Ақпарат министрі Қазақстандағы сөз бостандығын бағалады

Қысқаша

Министрдің айтуынша, халықаралық рейтингтерде басқа көрсеткіштің болуына көптеген фактор әсерін тигізеді.

«Өкінішке қарай, сауалнама әдісі сарапшылар бағасына қарағанда субъективті пікірге ие», — деді Абаев.

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздегі сөз бостандығына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазақстанда сөз бостандығы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл бағытта қолдан келгенін аянып қалып жатқанымыз жоқ…Мен өзім сөз бостандығы индексіне 10 балдық шкала бойынша 7-8 балл беремін. Қазақстанның баспасөзі азат, еркін деп ойлаймын», — деді Абаев үкімет отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.

4508147.jpg