Министр Сағадиев барлық мұғалім тиісті жалақыларын алатынын мәлімдеді

Қысқаша

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдердің жалақысы біліктілігі мен еңбек өтіліне байланысты 30-50 пайызға көбейеді деп белгіленген болатын. Алайда, Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі педагогтер ол

               

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдердің жалақысы біліктілігі мен еңбек өтіліне байланысты 30-50 пайызға көбейеді деп белгіленген болатын. Алайда, Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі педагогтер ол үстеме ақы бүгінгі күнге дейін төленбей отырғанын айтып, шағымданған болатын. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкімет отырысынан кейін түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

3217228.jpg

«Иә, бірқатар облыс бар. Қазір нақты қай өңірлер екенін айта алмаймын. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бізде бюджетті нақтылау біршама кеш жүргізіледі. Біз барлық облыстардан жалақыны төлеуді сұрадық. Сондықтан, қазір бір немесе екі облыс қана төлемей отыр. Біз қазір дәл қай облыстар екенін нақтылап, бұл мәселені шешулерін сұрайтын боламыз. Барлық мұғалім жалақыларын алады, мұнда мәселе бюджеттің нақтылануы Мәжіліс арқылы өтетіндіктен, кешігуіне байланысты болып отыр. Ал өткен төрт ай үшін айырмашылықтардың барлығы міндетті түрде төленетін болады», - деді министр.