Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

Қысқаша

2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің бағасы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 2%-ға және өткен жылдың балама кезеңіндегіге қарағанда 6,6%-ға қымбаттаған.

2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің бағасы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 2%-ға және өткен жылдың балама кезеңіндегіге қарағанда 6,6%-ға қымбаттаған.

virus-thermometer.jpg
Жылдық баға өсімі, әсіресе, гормональдік препараттар сегментінде байқалады, мұнда қымбаттау деңгейі 20,5% болған. Сондай-ақ, анальгетиктер бір жыл ішінде 12,7% және асқазан дәрілері 9,1% қымбаттаған.

Аймақтар арасында дәрі-дәрмектің бір жыл ішінде қымбаттауын Алматы (14%), Маңғыстау (11,9%) және Атырау (10,9%) облыстарының тұрғындары қатты сезінген.

Ал, ШҚО-да дәрі-дәрмек бағасы өзгермеген, мұндағы жылдық қымбаттау деңгейі небәрі - 0,9%. Зерттеуде көрсетілгендей, қазақстандық фармацевтикалық корпорациялар 2 айдың ішінде 4,12 мың тонна дәрі-дәрмек шығарған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 45,4%-ға артық.

Негізгі фармацевтикалық өнімдердің өндірісі құндық шамада 2018 жылдың екі айында 13,19 млрд теңгеге жеткен. Бұл Өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 13%-ға жоғары.

Дереккөз: energyprom.kz