«Шаңырақ» бағыты бойынша азаматтарға пәтер кілттері табысталды

Қысқаша

«Шаңырақ» бағыты бойынша азаматтарға пәтер кілттері табысталды

Шымкент қаласында «Шаңырақ»  жеңілдетілген несиелік бағдарламасымен кезекте тұрған 483 азамат баспаналы болды.

image.png

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай инфрақұрылымдық және коммуналдық қызметтері іске қосылған Тұран шағын ауданындағы 483 пәтерлі 10 тұрғын үйді бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов  пәтер иелеріне табыстады.

Бүгінгі таңда қалада бюджет есебінен 88 үйдің құрылысы жүргізілсе, оның ішінде “Шаңырақ” бағытының қатысушалырына 27 тұрғын үй (1728) бойынша азаматтарды қоныстандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Елімізіде баспанамен қамту көрсеткіші соңғы жылдары айтарлықтай өсіп, бүгінде құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда тиімді тәсілдерді қолдану бойынша ауқымды жұмыстар жасалып келеді.     

Қазіргі уақытта қалада салынатын және салынған үйлердің сапасы, экологиялық тазалығы,  энергиялық тиімділігі мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықталуы басты назарда.

Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарында екенін және тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мен тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берген ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасы бүгінде оң нәтиже көрсетіп отыр. 

2020 жылы қаламызда  649,1 шаршы метрге  баспана салынған, осы жылы бұл көрсеткішті 1 млн. шаршы метрге жеткізу көзделіп отырғанын жеткізген қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов Тәуелсіздіктің  30 жылда жеткен мерейін тасытып абыройын асқақтататын үлкен белесті жеңіс екенін атап өтті.