Ойыншық сатудан өндіріске дейін

Қысқаша

Кәсіпкер 2015 жылы ойыншықтардың түрін көбейту үшін Қытайдан 95 000 АҚШ доллары тұратын пресс-қалыптар, машина, квадроциклдар шығаратын қосымша құрал-жабдықтар сатып алуды жоспарлайды.

Screenshot_5.png

«Navruz Plastik – ShR» маркалы Шымкент ойыншық зауытының өнімдері нарықты жаулағалы 10 жылға жуықтады. 

1995 жылы  Рабиға Байтемірова жұбайымен бірге халық тұтынатын тауарлар сатуды бастаған болатын. Ыдыс-аяқ, парфюмерия, ойыншықтарды Қытай, Иран, Ресей, Өзбекстан елдерінен әкеп, сататын. Рабиға тауарларының ішінде ойыншық жақсы өтетінін байқайтын.

– «Біз саудамен ұзақ айналыстық.  Нарықты зерттей келе осы ойыншықтарды неге өзіміз шығармасқа деген ой келді. Ол кезде менің ұлым Қытайда оқитын. Құрал-жабдықтар, өндірістік және технологиялық процестермен бізді ұлымыз таныстырды. Нәтижесінде біз қажетті жабдықтар алып «Маг» машина-ойыншық шығаратын желіні жинадық. Сапалы полипропилен мен полиэтилен шикізатын Ресейдан сатып аламыз. Қазір бір ай ішінде 4000-6000 ойыншық шығаратын мүмкіндігіміз бар.

Кәсіпкер 2015 жылы ойыншықтардың түрін көбейту үшін Қытайдан 95 000 АҚШ доллары тұратын пресс-қалыптар, машина, квадроциклдар шығаратын қосымша құрал-жабдықтар сатып алуды жоспарлайды.

Кәсіпкер қаржы алу үшін «Даму» Қорына келіп, Қордың 50 пайыз кепілдігі арқасында кәсіпкер Kassa Nova Банкінен 14%-бен несиеге қол жеткізеді. Сатып алған жаңа технологиялық құрал-жабдықтар өндірістің қуатын 60%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Республикамыздың барлық өңіріндегі дүкендерден қолжетімді бағада кездестіре аламыз. Сонымен бірге, Қырғызстан еліне де жолданады. Түркия және Иран инвесторлары қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс жасауды ұсынып отыр.

Өнім өндіруде полипропилен мен полиэтилен секілді шикізатты Иран, Түрікмен елінен алдырса, бояулары Вьетнам және Германия, Кореядан әкелінеді.


    A+
Уақыты: 2021-11-15  Айдарша: Өңір
TAG: