Аудан әкімі инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша халықпен кездесті

Қысқаша

Аудан әкімі инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша халықпен кездесті



Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының мамандарымен бірлесіп, «Мирас» шағынауданының тұрғындарымен кездесті.

image.png

Кездесу барысында халыққа шағын аудандағы кәріз жүйесімен қамту және жол жөндеу мәселелерін шешу бойынша  атқарылатын жұмыстар түсіндіріліп, сала мамандарына қатысты бірқатар тапсырмалар берілді. 

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, Еңбекші ауданының тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, биылғы жылдың соңына дейін жалпы көлемі 58,9 шықырымды құрайтын 57 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, 13 көшеге кәріз жүйесін тартылатын болады.   

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы