Ардагерлер киелі жерлерді аралап қайтты

Қысқаша

Ардагерлер киелі жерлерді аралап қайтты

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен   ауданның дамуына үлес қосып, сан түрлі салада тұрақты қызмет еткен еңбек ардагерлері  тобы киелі Түркістан қаласына саяхаттап келді.  

 image.png

Топта аудандық Ардагерлер кеңесі мүшелері, бастауыш ардагерлер үйінің басшылары мен  тыл ардагерлерінен құралған 45 ардагер  болды. Олар  көне  Отырар жеріндегі,    Арыстан баб  кесенесінде болып,  арнайы зиярат жасады. 

Сонымен қатар, облыс орталығы болғалы көркейіп, әсем құрылыстар жүргізіп жатқан, танымастай өзгерген, әсем шаһарға айналған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне де зиярат етіп,  танымал орталық «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенін де аралады.

Ардагерлер саяхат барысында ұмытылмастай әсер алғандықтарын айта келе,  аудан әкімдігіне өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.