Тұрғын үй сатып алудың мүмкіндіктері түсіндірілді

Қысқаша

Тұрғын үй сатып алудың мүмкіндіктері түсіндірілді

24.jpg

«Отбасы банк» және Сарыағаш ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жас мамандармен кездесу болып өтті. 

Кездесудің мақсаты «Ұмай» әйелдер ипотекасы, «Нұрлы жер», «Жас отбасы», «Өз үйім», мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын және Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің конкурсына қатысу шарттарын түсіндіру.

Кездесуде тұрғын үй бағдарламалары бойынша толық ақпараттар беріліп, жеңілдіктер туралы айтылып, қыр-сыры туралы да сөз болды. Тұрғын үй сатып алу мақсатында депозит ашу, кредит рәсімдеу туралы барлық қажетті ақпараттармен таныстырды. 

Жоғарыда аталған бағдарламалардың артықшылығы-пәтерлердің  бағалары нарықтағы үй құнынан төмен. Салымшының атында басқа үйдің бар-жоқтығы және қанша үй сатып алайын деп жатқаны маңызды емес. Құрылыс барысында-ақ үлестік қатысу арқылы үй сатып алуға болады. Айта кетері, “Нұрлы жер” – көппәтерлі үйлер құрылысы мен жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарлама. «Бақытты отбасы» – қатысушылары тұрғын үй сатып алу үшін теңдессіз төмен мөлшерлемеде заем ала алатын, көпбалалы, толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған бағдарлама.


    A+
Уақыты: 2021-10-13  Айдарша: Өңір
TAG: