Домбыра ұлықталған кеш өтті

Қысқаша

«Даламды күймен тербедім». Осынау тақырыпты еншілеген кездесу Шымкенттегі нөмірі 74-қазақ-өзбек мектебінде өтті. Кештің мақсаты – оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық аспабымыз –домбыраның қадір-қасиетін ұғындыру.

Screenshot_8.png

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың жарлығымен биыл мектептерде домбыра үйрену сабағы енгізілді. Бұл бастамаға ақындар қауымы өз үлестерін қосып, өнеге көрсетті. Өйткені өскелең ұрпаққа ұлттық аспабымыздың қадір-қасиетін ұғындырып, тарихымыздағы абыз күйшілер мен домбырашылардың сара жолын жалғауда домбыраны бала жастан меңгерудің маңызы зор.

«Даламды күймен тербедім». Осынау тақырыпты еншілеген кездесу Шымкенттегі нөмірі 74-қазақ-өзбек мектебінде өтті. Кештің мақсаты – оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық аспабымыз –домбыраның қадір-қасиетін ұғындыру.

Аталмыш мектепте домбыраны шертіп   үйренгісі келетін  оқушылардың  қатары көп. Бір қуанарлығы өзбек сыныптарындағы өзге ұлт жастары да қазақтың қара домбырасын үйренуге құмбыл Ал осындай игі кездесулер олардың ынталарын одан сайын арттырары сөзсіз.

2018-жылдан бастап Президентіміз 1-шілде күнін домбыра күні деп атауының да маңыздылығы жоғары. Домбыра –ұлттың үні. Қашанда ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуден танбайтын «Көкбөрі» ақындар бірлестігі  тәрбиелік мәні бар игі бастаманы алғаш болып қолға алып, ақындар бірнеше домбыраларды мектепке тарту етті.

Рухани кеште  оқушылар ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқып, сауалдарына жауап алды.


    A+
Уақыты: 2021-10-14  Айдарша: Өңір
TAG: