Бабалар жолы-ұрпаққа аманат

Қысқаша

Бабалар жолы-ұрпаққа аманат

22.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: 

- Біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз» деп атап өткен болатын.

 Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерікті жастармен Дарбаза ауылдық округінде орналасқан Ердәуіт баба тарихи киелі орнына саяхат ұйымдастырылды. Бұл туралы Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы хабарлады. 

Ердәуіт баба темірдің ұстасы. Ердәуіт бабаның темір істейтін ұстаханасында еңбек еткен. Ердәуіт үйінің артынан Түркістанға шығатын жерасты жолы болған. Сол жерде тау беткейінде «Бесік тас», «Тесік тас» , «Тақия тас», Ердәуіт бабаның тасы, тағы басқа қасиетті құралдары кездеседі. Зияратшылар сол қасиетті орындарға атағанын тастап, құран бағыштайды. Ердәуіт баба қадам жайының Шығыс беткейіндегі 2 қырдың астында 5 бұлақтары бар.

Жастар өлкенің тарихы туралы білімін тереңдетіп, туған өлкесін тануға біраз мүмкіндіктер алды.


    A+
Уақыты: 2021-10-14  Айдарша: Өңір
TAG: