Сапалы электр қуатымен жабдықтау жұмыстары жалғасуда

Қысқаша

Сапалы электр қуатымен жабдықтау жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабын электр қуатымен қамту   жұмыстары жалғасуда. Құрылыс осы жылдың шілде айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылысқа жауапты  «Алтын Констракшн» ЖШС тарапынан атқарылған құрылыс жұмыстарының 55 пайызы аяқталды.

image.png

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.  Құрылыс жұмыстары аяқталған соң  «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде тұрғын алаптағы 812 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Жалпы биыл Шымкентте 7 елдімекеннің электр мәселесі шешіледі.  Соның нәтижесінде  21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады. Ал қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші 97%-ға жетеді.