Көрмесең, білмесең, істің бәрі бос

Қысқаша

Көрмесең, білмесең, істің бәрі бос

23.jpg

Сарыағаш ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары Дарбаза ауылдық округінде өндірістік кооператив «Әуес» ұн өнімін өндіретін зауытымен танысты. Бұл туралы Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығы хабарлады. 

Іс-шараның мақсаты жастарды жаңашылдыққа, білім мен ғылымды игеруге және кәсіпкерлікке баулу. Жастар жұмыс істеу технологиясымен танысып, қызығушылықтарын танытты.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерікті жастармен Көктерек кентіндегі табиғи минералды судың негізінде, «BOSAGA» шипажайымен танысты. 

Шипажайдың басшысы жаңа бағыттағы мамандықтарды игеруге, жаңа кәсіп көздерін ашуға бағыт-бағдар беріп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Сарыағаш ауданы бүгінде кәсіпкерлік кең қанат жайған аудандардың бірі саналады. Өңірдің жылы климаты, Ташкент тас жолының бойында жатуы ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік береді. Республикадағы жылыжайлар мен тамшылатып суару әдісі енгізілген егістіктің басым бөлігі осы ауданға тиесілі. 

Ал жас кәсіпкерлерді қолдау үшін бүгінде мемлекет тарапынан арнайы мүмкіндіктер жасалуда. Жас кәсіпкерлікке оқыту тегін жүргізіледі. Оқуды бітірген жастарға арнап қайтарымсыз грнаттар қарастырылған.  


    A+
Уақыты: 2021-10-15  Айдарша: Өңір
TAG: