Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы орталық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 13 – 31 қазан аралығында жастардың еңбектерімен көпшілікті таныстырып, қолдау көрсету мақсатында «Тәуелсіздік құрдастары» жас суретшілер көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға қатысқан Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Досжан Жұмабаев жастарға шығармашылық шабыт, Егеменді еліміздің жетістіктерін көрсете беруіне тілектестігін білдірді. "Биыл егемендігімізге 30 жыл толады, бұл жыл барша қазақстандықтар үшін ерекше болмақ. Өткен күнге зер сала отырып, осынау 30 жыл ішінде саясат, экономика, әлеуметтік сынды көптеген салаларда еліміз қол жеткізген орасан жетістіктерді көреміз. Қазақ халқының бай мәдениеті мен түпкі менталитетінен тұратын конфессионалдық және ұлтаралық қайталанбас үлгіні қалыптастырған бейбітшіл мемлекет ретінде Қазақстан әлемге танымал болды. Қоғамдық келісім мен халық тұтастығы саяси тұрақтылық пен алға жетелеген қажырлы қадамның арқасында ұлттың иігілігіне айналды",- дейді Д.Жұмабаев.
Іс-шара барысында бірнеше шығармашылық кітаптардың авторы, Халықаралық симпозиум көрмелердің ұйымдастырушысы және қатысушысы Абдураимова Санобар, суретші, кәсіпкер Бұхарбаева Ақтолқын, суретші, заңгер Тасболатова Айнұр, Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің 4-курс студенті Абдалимова Жансая өздерінің шығармашылықтарын көпшілікке таныстырды.