Бөлім басшысы қоғамдық қабылдау өткізді

Қысқаша

Бөлім басшысы қоғамдық қабылдау өткізді

25.jpg

 «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген Дербісек ауылдық округінің тұрғыны С.Жанбаев теріс ағымға кірген азматтарды қалыпты жағдайға қайтару үшін қандай жұмыс жасау қажеттігін сұрады. А.Хайбілдәұлы ауданымызда теріс ағымда жүрген азаматтардың бар екендігін және ол кісілермен қажетті мамандарды қатыстыра отырып жұмыстар жасалып жатқандығын толықтай түсіндіріп айтты.

Кабланбек ауылдық округінен келген Мырзан Қуаныш жастар практикасынан өткен соң жұмысқа тұру мәселесін көтеріп көмек сұрады. Қазіргі таңда, жастар ісі бойынша инспекторлыққа 2 бос орын бар екендігін айтып, белгілі бір күнді белгілеп құжаттарымен келуін сұрады.

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет,-деп атап өткені белгілі. 


    A+
Уақыты: 2021-10-15  Айдарша: Өңір
TAG: