Сағынтаев өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қысқаша

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстар жөніндегі селекторлық кеңестер циклін жалғастырды.

2.jpgКеңес барысында Алматы, Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің жұмысы бойынша тоғыз айдағы алдын ала есептер және 2018 жылдың соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.

Облыс әкімдері А. Баталов, Н. Ноғаев, Е. Қошанов және Қ. Көшербаев селекторлық режимде базалық индустрияландыру, АӨК, ОЭК, көлік және логистиканы, сауда, денсаулық сақтау, білім беру, туризм секторларын дамыту, экономика салаларын цифрландыру және АКТ, жаппай кәсіпкерлікті және өнімді жұмыспен қамтуды жетілдіру бағыттары бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізуге жасалған талдауларға сәйкес баяндама жасады.Сондай-ақ, кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов, энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов, денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, ауыл шаруашылығы вице-министрі Б. Бейсенғалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Мұқышев, инвестициялар және даму вице-министрі Т. Тоқтабаев түсініктеме беріп өтті.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.