Аталмыш шараға Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарынан 115 кәсіпорын қатысады. Онда 100-ден астам өнімдер жиынтығы саудаға шығарылады.
Екі күн өтетін жәрмеңкеге 725 тонна көлемінде азық-түлік тауар түрлері келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортименті - сиыр, жылқы, қой, құс және шошқа еттері, шұжық өнімдері, қалбырдағы ет. Сол сияқты кондитер, макарон бұйымдары, жарма, сүт өнімдері, қымыз, бал, ұн, картоп және көкөніс.
Жәрмеңке таңғы сағат 9:00-ден күндізгі 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Әкелінген өнімдердің бағасы Астана базарларындағы бағадан 15-20%-ға арзан болады. Жәрмеңкеге келушілерге Солтүстік Қазақстан облысының өнер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.