Министрдің жалақысы...

Қысқаша

Жуырда ғана Қаржы министрі қызметіне тағайындалған Әлихан Смайыловтың жалақысы 1 миллион теңге жуық. Бұл дегеніңіз еліміздегі ең төменгі жалақыдан 34 есеге көп. Министр лауазымына жуырда ғана тағайындалған Смайылов 1 миллион теңгені әлі қолына ұстап көрм

Жуырда ғана Қаржы министрі қызметіне тағайындалған Әлихан Смайыловтың жалақысы 1 миллион теңге жуық. Бұл дегеніңіз еліміздегі ең төменгі жалақыдан 34 есеге көп.  Министр лауазымына жуырда ғана тағайындалған Смайылов 1 миллион теңгені әлі қолына ұстап көрмеген.

-Әлі бір ай болмады. Мен 18 қыркүйек күні қызметке тағайындалдым. Бірақ, білуімше, қолыма таза 950-960 мың теңге алатын боламын, - деді Қаржы министрі «Евразия» Бірінші арнасына берген сұхбатында.

Ал қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың жалақысы керісінше азайып кетіпті.

-Шамамен, Қошанов (Қарағанды облысының әкімі. ред) айтқандай, 900 мың теңгенің үстінде. Облыстық әкімнің жалақысымен бірдей. Мен "Самұрық-Қазынада" жұмыс істегенде одан екі есе көп алатынмын - депті Қалетаев. Қалетаевтың сенатор кезіндегі жалақысын еске алмағанына қарағанда елімізде сенаторлардың айлығы да министрлер мен облыс әкімдерінікінен көп болмаса  керек.

Орташа есеппен алғанда, бір министрдің төрт орынбасары бар. Олардың айлық жалақысы министрдікінен 200 мыңға кем. Барлық салық түрлерін алып қоспағанда, жұмыс өтілі 20 жылға тең қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов 700 мың теңге жалақы алады.