Келесте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі талқыланды

Қысқаша

Жер-жерде сыбайлас жемқорлықпен күрес бір сәт те тоқтамай келеді.

99.jpgЖер-жерде сыбайлас жемқорлықпен күрес бір сәт те тоқтамай келеді. Биылдың өзінде республикада сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар саны аз емес. Осының нәтижесінде, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастып, өз құқықтарын қорғай алатын дәрежеге жетті. Мұнымен тоқтап қалмай, әрқашан аталған қылмыстың алдын-алу жөнінде жиындар өткізіп тұрған абзал.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен Келес өңірінде кездесу өтті.

Кездесуге жаңадан құрылған Келес ауданының мемлекеттік қызметшілері, құқық қорғау саласының қызметкерлері және бюджеттік ұйым басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын және кәсібилігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері баяндалды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін оқу жүйесінің, факторлық-балдық шкалаға негізделген жалақы жүйесінің енгізілуі, бос лауазымдарды ішкі конкурстар арқылы бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілермен толтырылатыны, қызметшілерді тұрақты түрде оқытуға көңіл аударылатынын.

Сондай-ақ, жүйелі түрде жасалған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтің тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтен кету деңгейі 2 есеге төмендегенін тілге тиек етті.

Жиын соңында, Департамент басшысы сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және күресу бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта күшейе түсетіндігін және білім ошақтарында негізсіз ақша жинау, заңсыз сыйлықтар алу деректерін болдырмау, оның алдын-алу мақсатында барлық білім беру ұйымдары нақты шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.