Сайрамда жолдар қалыпқа келтірілуде

Қысқаша

Жол – экономиканың күре тамыры. Сонымен қатар, жол – өмір сүру сапасын жақсартатын ең басты элемент. Егер елдімекендер ішінде жол болмаса, онда барып-келу, қатынау қиындайды. Керекті жеріне дер кезінде жете алмай,

98.jpgЖол – экономиканың күре тамыры. Сонымен қатар, жол – өмір сүру сапасын жақсартатын ең басты элемент. Егер елдімекендер ішінде жол болмаса, онда барып-келу, қатынау қиындайды. Керекті жеріне дер кезінде жете алмай, көптеген кедергілерге тап болады. Жаздыгүні жерді шаң басып, жауынды күндері ми батпақта адам, көлік жүре алмай, тізеден бататыны бар. Сондықтан да, бұл мәселерге кезікпес үшін ауыл-аудандарда сапалы жолдар салу керек. 

Биыл Түркістан облысы Сайрам ауданында елді мекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, аудан орталығы Ақсукентте 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында екі көшеден жалпы 6 көше, Қарамұрт елді мекенінде 3, Жібек жолыда 2 көше жөнделуде.

Қазіргі таңда, Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары облыстық коммуналдық меншіктен аудан қарамағына қабылданып, аталған жолдарға құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Сондай-ақ, ауыл әкімдіктері есебінен қаралған 155,5 мың теңгеге Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарында ұзақтығы 13,5 шақырым болатын 21 көше орташа жөндеуден өткізілді. 

Бұдан өзге, аудан көлеміндегі апатты жағдайдағы 3 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы толық пайдалануға берілді.