Сарыағашта сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейеді

Қысқаша

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданның мемлекеттік қызметшілерімен және бюджеттік ұйым басшыларымен кездесу ө

97.jpgБүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданның мемлекеттік қызметшілерімен және бюджеттік ұйым басшыларымен кездесу өтті. 

Жиын барысында Ғ.Тұрсынбаев аудан басшылығына екі ауданда да қайта құру кезеңі болуына байланысты қызметшілерді қайта тағайындауда мемлекеттік қызметшілердің кепілдіктері мен құқықтарын ескеріп, олардың біліктілігін сәйкес лауазымдар ұсыну қажеттігін ескертті. Жиында мемлекет тарапын мектептерге жеткілікті қаражат бөлініп жатқаны айтылды. Бірақ, кей білім ұйымдарында әртүрлі себептермен ата-аналардан және мұғалімдерден заңсыз ақша жинау фактісі орын алып жатқандығы да айтылды. Департамент басшысы бұл мәселе бойынша нақты жұмыс жүргізіп, кінәлілер қатаң жазаға тартылатынын айтты. 

Мектеп директорларына заңсыз сыйлықтар алу, ата-аналар мен оқуышылардан негіссіз ақша жинау деректерін болдырмау, оның алдын-алу мақсатында барлық білім беру ұйымдары нақты шаралар қабылдау қажеттігін, егер аталған жағдайлар қайталана берсе, жұмыстан босатылу немесе заңда көзделген тәртіппен материалдар құқық қорғау органдарын жолданатылатын айтып ескертті. Енді ата-аналар, мектеп мұғалімдері заңсыздыққа куә болса, сенім телефоны арқылы тиісті жерге шағымдана алады. Осы мөлдірліктің, ашықтықтың нәтижесінде білім ошақтарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейе түседі. 

Жиынан соң Сарыағаш қаласында орналасқан Түркістан облысы,  Сарыағаш аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында жеке қабылдау өткізді.