Түркістанда фабрикалар саны артуда

Қысқаша

Өңірде өндіріс орындары, түрлі тауар шығаратын зауыт-фабрика, цехтар көбейгенде ғана, өнім көлемі артып, оның сатылымынан түсетін қаржы көлемі артады. Және бір маңыздысы, сырттан тауар алу азаяды.

89.jpgӨңірде өндіріс орындары, түрлі тауар шығаратын зауыт-фабрика, цехтар көбейгенде ғана, өнім көлемі артып, оның сатылымынан түсетін қаржы көлемі артады. Және бір маңыздысы, сырттан тауар алу азаяды. Мемлекет өз-өзін қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін болады. 

Міне, осы бір игі іске, яғни өндіріс орындарын көбейтуде еліміздегі бүкіл өңірлер ат салысуы керек. Сонда ғана нақты ілгерілеу болады. Жүк барша өңірлерге бірдей түсіп, аяқтарын тең басады.

Осыған орай, жақында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығында бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Аймақ басшысы «Түркістан индустриалды аймағында» орналасқан «Гранд микс» Жиһаз фабрикасына барды. Күллі Қазақстанды жиһазбен қамтамасыз етіп отырған жобаның жалпы құны - 364 млн. теңге. Бүгінде өндіріс орнында 120 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы аумағы 1,8 гектарды құрайды. Аталған жоба жылына 150-170 млн. теңгенің дайын өнімін өндіреді. Қазір фабрика жиһаздың 40-қа жуық түрін дайындауда. Негізі шикізат Ресейден алынады. Жобаның жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі әлі де өнім көлемін арттыруды тапсырды. 

Осылайша, өз жұмысын жандандырып отырған «Гранд микс» жиһаз фабриасы ел экономикасының дамуына тамшыдай болсын үлес қосып, өз жұмыстарын зор абыроймен атқарып отыр. Осындай өндіріс орындары көбейгенде ғана Қазақстан дамыған мемлекеттар қатарына кіреді.