Теолог мамандар оқушылармен тығыз жұмыс істеуде

Қысқаша

Дін тақырыбы жөнінде ежелден айтылып келеді. Базбіреулер дін атын жамылып, өздерінің идеологиялық саясатын жүргізуді қалайды. Оң-солын танымайтын адамдарды дін атымен құрығына түсіріп, ойына келгендерін істегілері келеді.

90.jpgДін тақырыбы жөнінде ежелден айтылып келеді. Базбіреулер дін атын жамылып, өздерінің идеологиялық саясатын жүргізуді қалайды. Оң-солын танымайтын адамдарды дін атымен құрығына түсіріп, ойына келгендерін істегілері келеді. Бұған жол беруге болмайды. Бүгін мемлекет тұрғындарын өз жағына тартып алған кереғар діни ағымдар ертең ел ішінде ылаң салмасына кім кепіл? Сондықтан да елде ең бірінші кезекте теріс діни ағымдармен күресу үшін білімді ұрпақ дайындау керек. Яғни, ақ-қараны ажырата алатын ұрпақ өз пікірінде қалып, өз құқығын қорғай алады. Өз құқығын қорғай алатын адамды ешқандай жау ала алмайды.

Осыған орай, жақында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауыл округіне қарасты білім беру мекемелерінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында "Жастар діни экстремизмге қарсы" атты тақырыбында кездесулер болып өтті. Бұл кездесуде теолог мамандар мектеп оқуышларына теріс діни ағымдардың көздеген түпкі мақсаттары қандай болатынын, оларға оқушылардан не керек екенін түсіндірді. «Қой терісін жамылған теріс діни ағымдардың» зымиян ойларына қаныққан оқушылар олардың жетегінде кетпейтіндерін айтты. Әрине, ол үшін оқушылар білімдерін үздіксіз жетілдіріп, қажет болса, теолог мамандарға барып көкейлерінде жүрген сауалдарын қоя алады. Дегенмен, мұндай қадамға көптеген оқушылар бара бермейді. Дұрысы өрелері жетпейді. Осыған байланысты, теолог мамандар мектептерге арнайы барып, оқушылармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмыстар өз жемісін беруде.