Адал жол - честный путь» акциясы Арыста

Қысқаша

«Адал жол-честный путь» марафоны облыстың бар аудандарында кезекпен өтіп жатыр. Бұл – өңір тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа деген төзбестік мінезін, дағдысын қалыптастыру, іштей қарсылығын ояту үшін ұйымдастырылып жатқан шара.

450.jpg«Адал жол-честный путь» марафоны облыстың бар аудандарында кезекпен өтіп жатыр. Бұл – өңір тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа деген төзбестік мінезін, дағдысын қалыптастыру, іштей қарсылығын ояту үшін ұйымдастырылып жатқан шара. Қоғам сыбайлас жемқорлықтың іштен жейтін жегі екенін түсініп, соған жол бермейтін жолды ұстанған кезде – елдің әлеуметтік жағдайы жақсарады, бюджеттің қаржысы үнемделеді, адал нан тауып жейтіндердің қатары көбейеді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бекіткен жоспарға сәйкес, Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Адал жол - Честный путь» акциясы аясында жиын өтті. Басты мақсат - қоғам дертіне айналған жемқорлықтан жирену, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Жиналысқа келген азаматтық ұстаным берік жандар өздерінің ұсыныс-пікірлері ортаға салынып, бірлесе әрекет ету жолдарын қарастырды.