Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер

Қысқаша

2018 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 10 тамызында «Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конфере

449.jpg2018 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 10 тамызында «Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, жою жөніндегі ұсынымдар мониторингінің нәтижелерін талқылау.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен өткен конференцияға Департамент басшысының орынбасары Шілманов Айбек төрағалық етті.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Наркабулов Нұрлан баяндама жасап, Департаментпен ауыл шаруашылық басқармасының, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау мен қадағалау инспекциясы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы және агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының аумақтық бөлімдерінің қызметіне талдау нәтижелерімен таныстырды.

Іс-шарада Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Н.Бадырақов, Ветеринариялық бақылау мен қадағалау инспекциясы басшысының орынбасары Н.Усенбаев, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Б.Қалымбетов, Агроөнеркісіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция басшысының орынбасары К.Ажибеков талдау нәтижесімен берілген ұсыныстардың орындалуы бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ, конференцияда ауыл шаруашылық кешеніндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстарында заманауи механизмдерді пайдалану мәселелері талқыланды және талдау қорытындылары бойынша есептері тыңдалды.