Қоғам теріс діни ағымдардың жақсылыққа жетелемейтінін жақсы түсінгенін көрсетіп келеді. Бұл күнделікті өмірден байқалып жатыр. Түрлі әлеуметтік топ өкілдері теріс діни ағымдардың қоғамды ала тайдай шулатып, бөлгеннен басқа жақсы идея ұсына алмайтынын ашық айта бастады. Мұндай біздің ортамызға жат әрекетке тосқауыл қоюды да талап етіп жатыр. Бұл күнделікті өмірде байқалып жатқан дүние.
Бір ғана мысал - Келес аудандық номері екінші «Абай» ауыруханасында мекеме қызметкерлерімен кезекті кездесу өткен болатын. Оны ұйымдастырған "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-нің ауданындағы теолог маманы Бағлан Омаров. Әңгіме «Жат діни ағымдардың алдын алу» тақырыбы төңірегінде өрбіді. Кездесуде керағар діни ағымдардың өз қатарына қосу үшін қолданатын арбау тәсілдері туралы ақпарат айтылып, сақ болу керектігі жайлы кеңес берілді. Дәрігерлер болса осындай әрекеттерге қарсы белсенді жұмыс істемесе, жастар сол жаққа қарай ойысуы мүмкін екенін және осындай берлі саранды жағдайларды байқағандарын айтты.
Кездесу барысында "Дін экстремизм емес " тақырыбы да талқыланды. "Ханафи мазһабы" мен "мазһаб" сөзінің мағынасы жайында түсінік берілді. Сырттан келгендердің біздің мазхабтың ұстанымына кереғар әрекет жасайтынын, өзгеше түсінік тарататынын айтты.