Жаңа ауданның мешіт қызметкерлерімен кездесті

Қысқаша

Мақтаарал ауданы екі жаңа – Мақтаарал және Жетісай ауданы болып құрылған соң, сондағы мекемелер де алға қойылған өз міндеттерін айқындап болды. Шекаралас болған соң Мырзашөл өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай әрдайым басты назарда болады. Соған ора

56.jpgМақтаарал ауданы екі жаңа – Мақтаарал және Жетісай ауданы болып құрылған соң, сондағы мекемелер де алға қойылған өз міндеттерін айқындап болды. Шекаралас болған соң Мырзашөл өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай әрдайым басты назарда болады. Соған орай аудандағы мекемелер мен тиісті органдарға міндет жүктеледі.

«Дін мəселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Жетісай аудандық бөлімінің мамандары Д. Аманов, Б. Шаймерден, М. Салиходжаев жаңадан құрылған Мақтарал ауданы аумағында орналасқан мешіт қызметкерлерімен кездесу өткізді. Басқосуда болған әңгіменің өзегі - жат ағымдардың алдын алу жəне жастарды діни ағымдардан сақтандыру болды. Осы бағытта біргелікте жұмыс істеу жолдарын талқылады. Осы уақытқа дейін мешіт қызметкерлерімен орталық қоян-қолтық жұмыс істеген. Жұмыстың н,әтижесі де жаман емес. Ендігі жерде жаңа аудан аумағында сол бағыттан таймай, бірлесе, ақылдаса жұмыс істеген жөн.

«Дін мəселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкерлері өз тараптарынан ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.