Түркістан "Серпін" бағдарламасының қарқынын арттыруда

Қысқаша

Бүгін Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Сейтжапбаров брифинг өткізді. Мұнда ол Елбасының тапсырмасы Түркістан өңірінде қаншалықты орындалып жатқанына то

57.jpgБүгін Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Сейтжапбаров брифинг өткізді. Мұнда ол Елбасының тапсырмасы Түркістан өңірінде қаншалықты орындалып жатқанына тоқталды.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  екендігі айтылады. Осыған орай, ҚР Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» («Серпін») атты жобасын ұсынған болатын. Жалпы бағдарлама басталғалы бері 4 жылда Түркістан облысы бойынша жоғары оқу орындарында – 6490, колледждерде – 1938 жас білім алуда. Демек, бағдарлама аясында білім алып жатқан жалпы жастардың 50 пайызы түстік өңірге тиесілі. 

2017-2018 оқу жылына «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» бағдарламасына барлығы 4513 грант бөлінген. Биыл Түркістан облысында мектепті 33 мыңнан астам оқушы бітіріп, олардың 22091-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 19 мыңнан астамы шекті балды жинады.

- 2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» жобасына 5829 мемлекеттік грант бөлініп отыр. Оның ішінде, жоғары оқу орындарына - 5089 грант бөлінсе, кәсіптік-техникалық колледждерге - 740 грант қарастырылған. Биылғы жылы талапкерлерден құжат қабылдау мерзімі ерте басталды. Яғни ағымдағы жылдың 18-26 шілде аралығында Қазақстан бойынша барлық жоғары оқу орындарында құжаттар қабылданады, - деді  Мұхтар Сейдахметұлы.