Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі

Қысқаша

Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін керекті алғышарттарды заң арқылы да, техникалық мүмкіндіктермен де, психолдогиялық тұрғыдан да жасап келеді. Цифрландыру бағдарламасы соның бір дәлелі.

55.jpgМемлекет сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін керекті алғышарттарды заң арқылы да, техникалық мүмкіндіктермен де, психолдогиялық тұрғыдан да жасап келеді. Цифрландыру бағдарламасы соның бір дәлелі. 

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру, жетілдіру  бойынша жаңа міндеттер қойылды. Осы талапты орындау мақсатында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы облыстық тексеру комиссиясының ұжымымен семинар өткізді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары Қазақстан Респуб¬ликасының 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия¬сында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көрініс тапқандығы айтылды.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерінің бірі екендігі айтылып, мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу және жол бермеу жолдары талқыға салынды.

Іс-шара соңында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Осындай шарадан соң мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық шаралары азаяды деген үміт бар.