Күні кеше қаладағы жеке кәсіпкер Арыстан Сүлейменовтың басшылығымен жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген жер асты өтпе жолы енді кәсіптің қайнаған мекеніне айналмақ. Мұнда 3 ай тынбай жасалған еңбектің арқасында жаңартылған өтпел бойындағы дүкендерде 40-қа жуық адам жұмысқа алынбақ. Жаңадан ашылған өтпе жолына қала әкімі Рашид Аюпов пен әкімшілік қызметкерлері барып қайтты.
Қала орталығындағы жалғыз жерасты өтпе жолы ескіргені соншалық, жаңбырлы күндері адамдар ары-бері өте алмай, ішіне жиналған суды кешуге мәжбүр болатын. Одан бөлек, жарық та, тазалық та қарастырылмаған еді. Алайда, бұл көріністер енді артта қалды.
Осыған дейін мұндағы дүкендер барлық талаптарға сай келмей жұмыс істеп келсе, ендігі кезекте жер а\сты өтпе жолы барлық санитарлық талаптарға сай болмақ. Бұған дейін де куә болып келгендеріңіздей, онда ұялы телефондар бойынша қызмет түрлері көрсетілетін болады. Жауапты мамандардың айтуынша, күзет, бейнекамера қойылып, тазалық жиі жүргізіледі. Яғни, енді заманауи талапқа сай жұмыс жасайды.
Қала орталығындағы жалғыз жерасты өтпе жолы ендігі кезекте халық игілігі үшін қызмет етіп, жұмыссыз жүрген жерлестер құтты мекенін табатыны қуантады. Ксіпкерлердің осындай қаладағы бетке ұрар кемшіліктерге селкем қарамай, қолға алғаны да қала әл-ауқатын жақсартары анық.