«Менің кәсібім» жобасымен үлкен қолдауға ие болды

Қысқаша

«Менің кәсібім» жобасымен үлкен қолдауға ие болды

80811408-b3cc-4977-bded-2821c6985468-1024x682.jpg

Түркістан қаласы, Ә.Қарабаев көшесінің №63 үйінің тұрғыны , көпбалалы ана, Құрманкүл Абдушамаева «Менің кәсібім» республикалық әлеуметтік жобасы аясында үлкен қолдауға ие болады. Көпбалалы келіншектің кәсіп көзі қарапайым ешкі емес, занен ешкісі. өздеріңіз білетіндей занен ешкісі - 99 емге шипа, ал оның сүті тұрғындар арасында біршама сұранысқа ие. Тек ол ғана емес кәсіп иесі ешкінің еті де емдік қасиеттерге ие екенін айтады. Құрманкүл апай болашақта өз кәсібінің көркендейтініне, малының саны көбеетініне кәміл сенеді.


Ол бұл жобаны халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш тастау арқылы қол жеткізіп отыр.

Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін аталмыш жоба аясында Түркістанда 16 отбасы кәсіпкерлер қаржыландыратын жобадан өтіп, көмегін алғанын айтқан болатынбыз. Жоба авторы Айжани Нұрланова өзі арнайы келіп, тұрғындарға сұрауы бойынша құрал-жабдықтарын өз қолымен табыстаған еді. Енді міне, кезекті азамат та өтінішінде жазылған дүниеге ие болды. Қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев табыстап, отбасына ырыс пен береке тіледі.

Бұл жанұяның алдағы тыныс-тіршілігі жауапты мамандар ықпалымен қадағалауда болады. Олардың жағдайын жақсартып, бай-қуатты өмір сүруі үшін қолдау артпаса, кемімесі анық.