Еліміздің рухани астанасы Түркістанның экономикасы таңқаларлық қарқынмен көтеріліп келеді. Оның бірінші себебі қаладағы туризмның дамып, келуші қонақтардың санының артуы да, екіншісі қала тұрғындарының өз кәсібін ашып, жұмыссыздықтың азаюы. Қала облыс орталығы болмай тұрып, бұл маңайда қонақ үй кәсібімене айналысатындардың қарасы аз еді. Қазірде мемлекет тарапынан қарастырылған көмектің арқасында көптеген кәсіп ашып, жағдайын көтеріп жүрген жайы бар. Кәсіп ашумен қатар, өз кәсібін кеңейтіп, дамытып, ескісіне қарағанда көбірек адамды жұмыспен қамтып жүргендер де жетерлік. Соның бірі "Евразия" қонақ үйі
"Евразия" қонақ үйі қаланың тарихи орталығында, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанында орналасқан. Қонақ үй айналасында көптеген дүкендер, орыс, еуропалық мәзіріндегі мейрамханалар, сәнді дүкендер бар. Сізге тәулік бойы күзет, бейне бақылау, сейф және жүк сақтау камерасы қызмет етеді. «Евразия» қонақ үйі 2016 жылы ашылған. Барлық қонақтарға әр түрлі санаттағы 40 нөмірлер ұсынылады. Барлық нөмірлер еуропалық стандарт бойынша жабдықталған: спутникті теледидар; телефон; желдеткіш; интернет.
Евразия қызметкерлерінің айтуынша бұрындары қалада бәсекелестік аз болса, қазір ол артып, көптеген қонай үйлер ашылып, ондағы қызмет көрсету сапасы біршама жақсарған. Және де Түркістан қазір қонаұ үй тұрғысынан туристердің барлық жағынан көңілінен шығады.