Түркістан қаласы өнеркәсіп пен кәсіпорынның қайнап жатқан орталығы. Қала қазірде тек қана өндіріс мекемелерінің ғана емес, мейрамхана шаруашылығының қарқынды дамуымен мақтана алады. Бұрыннан келе жатқан мейрамханалармен қатар, жаңа тамақтану орындары, қоғамдық орындар да бой көтеруімен ауызға ілігеді. Мейрамханалық кәсіптің мұндай танымалдылығы қалаға келуші туристер мен еліміздің өзге аумағынан келген қонақтармен байланыстыруға әбден болады. Келгенн турист қалаға құр қол келмейтіні анық. Демек олар өздерімен алып келген қаражатын қаланың экономикалық айналымына жұмсайды.
Осы тұстан шаһардағы тамақтандыру мекемелері айрықша рөл атқарады. Осындай шағын және орта бизнес орындарының бірі - "Аспан" мейрамханасы. Мейрамхана - бұл шығыс және еуропалық дәстүрлердің үйлесімді өрілуі, сондай-ақ отарлық мәдениеттің қайталанбас көрінісі, мейрамханаға ерекше жайлылық пен талғампаздық береді. Аталмыш тамақтану орнына бүгінде келушілер саны артқан. Оның бірінші себебі - қала халқының көбеюі болса, екіншісі - туристердің көптеп келуі.
Мейрамханалық кәсіп қазіргі таңда танымал кәсіп болып есептеледі, себебі қызмет көрсету және туризм салалары өте қатты дамуда. Туристер басқа мемлекеттке саяхатқа барғанда, бірінші кезекте сол елдің тағамдарымен танысқысы келеді. Сол себептен олар мейрамханаларға жиі барады. Тағы мейраманалық кәсіптің танымал болуының бір себебі, ол оның жанжақтылығы. Мейрамханаларға бірінші кезекте адамдар демалу үшін келеді. Ал жоғарыда аталған "Аспан" мейрамханасы өһзінің қонақжайлылығымен де, ерекше ас мәзірімен де ерекшеленеді.