«Иса стейк хаус» мейрамханасы туристердің сүйікті мекені

Қысқаша

«Иса стейк хаус» мейрамханасы туристердің сүйікті мекені

image.png

Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Түркістанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді.

Түркістанда қазірде тамақ өнеркәсіп саласы, мейрамхана салаларына баса көңіл бөлінеді. Себебі мейрамхана саласы тек қана туризм тұрғысынан ғана емес, кәсіптік тұрғыдан да басымдықты талап етеді. Қалада мейрамханалардың күрт өсуінің себебі де сол болар. "Иса стейк хаус" мейрамханасы да күн демей дамып келеді. Мейрамхана табысы қаламен бірдей өсіп келеді. Қазірде мейрамханалар ас мәзірі де әжептеуір өзгерістерге ұшыраған. Ол келген туристердің қаладағы тұрғылықты мейрамханаларға қызығушылығын арттырады. Мейрамханада тек фаст-фуд өнімдерін емес, ыстық отта әзірленетін туристердің сүйіп жейтін стейктері де әзірленеді.

Қоғамдық тамақтандыру саласы адамдардың еңбекшіл өмірінде маңызды орын алады, өйткені кез келген жұмысшы азанда үйінен жұмысқа шығып кетіп, кешке бірақ оралатын болса, ол міндетті түрде таңғы шай немесе түскі асқа қоғамдық тамақтандыру орындарына барады. Сондықтан, қоғамдық тамақтандыру орындарының дайындаған өнімдері адамзаттың осындай бөлігінің денсаулығына тікелей əсер етеді.

Аталған мейрамхана кәсіптері қалада тек қана тамақ шаруашылығымен айналысып қана  қоймай, қаншама жастарды жұмыспен қамтып, туристердің сүйікті орнына айналады. Сонымен қатар келуші қонақтардың есінде Түркістанды ұзаққа дейін қалдырады деп сенеміз.