Тамақ өнеркәсібі бүгінде Түркістанның әлеуметінің өркендеуіне жетелейтін арналардың бірі. Мейрамхана шаруашылығы да тамақ өнеркәсібімен бірдей дамып, Түркістанға келуші туристер үшін қызықты мекенге айналды. Мейрамхана шетел тағамдарымен толықса бір басқа да, ол өзіміздің дәстүрлік сусындармен байытылса жөні мүлде басқа. Себебі туристер жаңа нәрселер, жаңа тағамдар ішіп-жеп көргісі келеді. Сол секілді "Шаңырақ" қымызханасының сусындары да туристер үшін нақ "экзотика".
Әр ұлттың өз тілі, діні, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына сай, дастарқанына қойылар айрықша ас мәзірі бар. Соның ішінде, ежелден аттың жалы, түйенің қомында көшпенді ғұмыр кешкен халқымыздың ұлттық тағам түрлерінің алар орны ерекше. Түп төркіні төрт түлік малдан қарапайым жолмен өңделіп алынатын бұл азықтар: ет, сүт, құрт, май, қатық, қаймақ, айран, уыз, ірімшік, іркіт, қойыртпақ, қорықтық, қымыз, шұбат болып бөлінеді.
Ұзақ уақыт бойы қазақ халқының ас мәзірінің негізіне ет тағамдары кіреді. Ең танымал ет тағамдары:қуырдақ-өкпе, бауыр және ет қосылып дайыналған тағам,бауыр құйрық-жұқалап кесіген бауырды құйрықпен орап дайындалады, сондай ақ, жылқы етінен дайындалғанқазы, шұжық, қарта.
Шанырақ мейрамханасының мәзірінен қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тата алады. Нағыз талғампаздар үшін, аспазшылары фирмалық тағамдарды ұсынады. Мейрамханамыздың мәзірінде ұлттық тағамдардың үлкен таңдауы бар: бешбармақ, қуырдақ, сірне, қымыз, шұбат, құрт, талқан және кәуаптың көптеген түрлері мен жаңа сығылған шырындар.