Бүгінгі таңда Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, идеологиялық дамуының 4 бағыты айқындалып отыр.Барлық құқықтар сақталған. Біріншіден, Түркістан – қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан – әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға. Міне, осы 4 бағыт бойынша идеологиялық жұмыстар қолға алынады. Оның бірқатары Түркістан облысының 1 жылдығы аясында басталып та кетті.
Күні кеше «Түркістан Бір жол-Бір тарих» атты халықаралық инвестициялық туристік форумы болып өткен болатын. Форум барысында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев отандық шеберлердің кәсібін қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан Ұлы Жібек жолы орталығының құрылысы басталып кеткенін айтты.
"Бүгінгі таңда аумағы 6 мың шаршы метрді құрайтын Ұлы Жібек жолы орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба республикада қолөнерді дамытуға алғашқы бірегей жоба болып табылады. Осыған орай біздің қаламызда 2019 қолөнершілер шеберлері өткізілуде. Аталған іс-шараға 20 елден 200-ге жуық қолөнершілер қатысуда."
Мұндай көрнекі орынның салынуы қала шеберлері үшін үлкен мүмкіндік ашпақ. Енді қала саудагерлері өз бұйымдарын аталмыш туристік орында сатып, кәсіптерін дамыта алады.
Қазақстанның тарихи туризм ошағы саналатын Түркістанның туристерді тартуға әлеуеті зор. Тек қана тарихи туризм аясында ғана емес, әлеуметтік мәдени, саяхаттау мақсатында, этнотуризм аясында туристерді тарта алады. Түркістан қаласының тарихи-мәдени туризмінің дамуына үкімет мейлінше мол назар аудара бастады. Бұл дегеніміз – туризм арқылы тек табыс алып келу ғана емес, Түркістандай киелі жерді әлемге танытып, паш ету.
Тарих қойнауында көнеден келе жатқан ұлттық қолөнерімізді кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін, шеберлік құпиялары мен қолөнер технологияларын сақтау, нығайту және жаңғырту аса маңызды.
Дүйім жұртты өз кереметімен тамсандыратын Түркістан 5 негізгі бағытта дамиды. Әлем кезген саяхатшылар үшін атадан балаға мұра болып келе жатқан қолөнер дәріптеледі. Тарихта алтын әріптермен жалызыл қалған Сауран мен Отырар қаласында сол кездің өзінде дамыған сауда-саттық пен ұлттық құндылықтарымыз қатар насихатталады. Ең негізгісі Яссауи кесенесі мен оның айналасындағы көне қалалар туристердің тікелей тамашалайтын жеріне айналмақ.