Түркістанда қонақ үйлер саны көбейеді

Қысқаша

Түркістанда қонақ үйлер саны көбейеді

55935276-5d2f-4e9e-913f-dd33b77c2fb8-960x560.jpg

Түркістан облысының құрылғанына биыл 1 жыл толып отыр. Осыған сәйкес қаланың облыс орталығы болып бекітілгеніне де 1 жыл толды. Осы жылдың ішінде қалада елеулі өзгерістер орын алды. Шаһарда келуші туристердің саны артып, аймақ экономикасына едәуір жетістіктер алып келді. Қалаға келуші туристердің санының күрт өсуіне байланысты қала алдында соған сай қызмет түрлерін қалыптастыру назарға алынып отыр. 

Мәселен, Қазіргі таңда қонақ үйлер 166 орын болса, алдағы 35 жылға дейін 2200 орынға жеткізу қажет. Қалаға келген туристер арқылы қала экономикасын, қаладағы кәсіпкерлердің ісін қндіру Түркістан үшін басты приоритетте болуы тиіс. Осы мәселе төңірегінде қалада облыстық мәслихатының 43-ші сессиясы өтті. Онда Түркістан қаласының бас жопары таныстырылып, 2050-ші жылға дейінгі даму стратегиясы бектілді. Бұдан бөлек, күн тәртібіндегі қаланың екі бағытта, туризм және кәсіпкерлік бағытында дамуына байланысты да мәселелер сөз болды. 

Қалада қонақ үй кәсібінің ілгерілеуі қала үшін оң тұсынан жемісін берері анық. Ең бастысы Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қалалық әкімшілікке қарасты туризм және кәсіпкерлік бөлімі де айрықша назар аударып отыр. 

- Бүгін мына облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен Түркістан қаласына қатысты екі маңызды құжат қабылданды. Ол үш кезеңнен тұрады. 2025,2035,2050. Соған сәйкес, 2025 жылы халық 250 мыңға жетсе, турист саны 35-ші жылы 350 мыңға жетеді деген болжамымыз бар. Даму жоспарында қала мектептерінің саны екі есеге өсетін болады. Қазіргі таңда қонақ үйлер 166 орын болса, алдағы 35 жылға дейін 2200 орынға жеткізуіміз керек. Соған сәйкес, инфрақұрылымы басқа да өзгерістер болады, - деді қала әкімі Рашид Аюпов .

Бүгінде Түркістан аумағы 19600 гектарды құраса, енді ауқымы кеңейіп 22 мың гектардан асатын болады. Соған орай, көпқабатты және қонақ үйлердің саны артпақ.