Шаруа қожалығын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр

Қысқаша

Шаруа қожалығын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр

Znalezione obrazy dla zapytania шаруа қожалық

Түркістан қаласында қазірде кәсіпкерлік белсенділік біршама биік деңгейге көтерілді. Бұл бағытта Түркістан кәсіпкерлер палатасы қазақстандық бизнестің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Кәсіптің көзі - отандық тауарда болып тұрған кезеңде ауыл,ғ мал, егін шаруашылығымен айналысамын деушілер көп. 

"Нұржан" шаруа қожалығы да өз жұмысын мемлекет тарапынан бекітілген "Атамекен" жобасының "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы өрбітіп отыр. Шаруа қожалығына биыл мал мен буйволдың жаңа түрін өсіруге 1 млрд, теңге қаражат бөлінбек, бұл сома олардың өсіп-өркендеуіне жарары анық. Шаруашылық иесі Нұржан мырзаның айтуынша да мұндай көмек пен мүмкіндікті пайдаға асыру өзіне де, кәсібіне де, қол астындағы жұмысшыларына да елеулі септігін тигізген.

"Атамекен" кәсіпкерлік палатасының "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша шаруа қожалығы ерікті негізде жасақталады және жер телімін пайдалануға құқық алғаннан немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылған болып есептеледі. Шаруа қожалығын бірлескен кәсіпкерлік негізінде тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке шаруа қожалығы мүшелерінің тізімі қоса тіркеледі. Шаруа қожалығы жергілікті жердегі Салық мекемесінде тіркеледі.

Шаруа қожалығының басшысы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін құжаттар өткізеді: 1) тіркеу есебіне алу туралы өтініш; 2) жер телімін тұрақты пайдалану туралы меншік құқығына немесе уақытша пайдалану турады келісімшарт Актісі; 3) Шаруа қожалығы басшысының 3х4 суреті.

Ресей, Беларусия, Қырғызстан елдерінің азаматтарын Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат етілген ықтиярхат болған кезде ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге болады.