Белоруссиялық сарапшы түркістандық кәсіпкерлермен тәжірибе бөлісті

Қысқаша

Белоруссиялық сарапшы түркістандық кәсіпкерлермен тәжірибе бөлісті

Шетелдік маман түркістандық кәсіпкерлермен өз тәжрибесімен бөлісті

Түркістан қаласында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қолға алынған "Аға сеньорлар" жобасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік мамандар келді. Белоруссиядан келген сарапшы маман Ольга Десюкевич алдымен түркістандық "Grand Mix" жиһаз фабрикасына жол тартты.

Ольга өз миссиясын дизайнерлік-зерттеу деп атайды. Басқаша айтқанда, ол жиһаз пішінімен жұмыс істейді, жаңа жиһаз концептілерін әзірлеуге көмектеседі, өндірістегі өзекті құралдарды, тәсілдер мен өнім сапасын жақсарту жолдарын үйретеді. 

"Мен фабрика қызметкерлеріне жиһазды жобалау бойынша оқу өткіздім. Сонымен қатар, өндірісте енгізу үшін модульдік жүйені, кәсіпорынның құрылымдық схемасын, әрбір қызметкердің лауазымдық бірліктерін арттырып, тікелей міндеттерін айқындадық. Бұл әрбір қызметкердің өнімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз өндіріс уақытын есептеу және осы бұйымдардың нақты құнын анықтау үшін фабрикамен шығарылатын бірнеше үлгілердің хронометражын жүргіздік",- дейді Ольга.

Кәсіпорынның өнімдері барлық өңірлерге жақсы таныс. Ол республиканың 14 облысында және Бішкек, Қырғызстан қалаларында да жеткізілуде. Қазір Ресей мен Әзірбайжан өңірлерінен өтінімдер қабылдануда. "Grand Mix" жылына 1,5-2 млрд теңгеге жиһаздың бірнеше түрін шығарады. Мұнда 145 жергілікті тұрғын еңбек етеді. 

"Шетелдік маман кәсіпорын басшысына қажетті, құнды кеңестер береді. "Grand Mix" компаниясының басшылығымен жиһаз бизнесін жүргізу тәжірибесімен Белоруссиялық маман Ольга Десюкевич бөлісті. Бүгінде фабрикамен Ресей, Белоруссия, Қытай және Қазақстаннан 30-дан астам дилерлер мен 40-тан астам жеткізуші жұмыс істейді. 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келе жатқан өндіріске жаңа серпін қажет. Көлемнің өсуі үшін шетелдік сарапшы алып келген жаңа идеяларды енгізу қажет. Шақырылған мамандардың ұшуы мен қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджет төлейді. Ал шетелдік сарапшы келгеннен бастап барлық шығындарды "Аға сеньорлар" жобасының қатысушылары төлейді", - деп атап өтті облыстық Кәсіпкерлер палатсының қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Жанна Тілеубекова.