Облыста жиһаз өндірісі бойынша Түркістан қаласы алдыңғы орында тұр

Қысқаша

Облыста жиһаз өндірісі бойынша Түркістан қаласы алдыңғы орында тұр

Түркістан қаласы облыста жиһаз өндірісі бойынша алдыңғы орында тұр. 

Қатты және жұмсақ жиһаз өндірісі қаланың қайта өңдеу саласындағы өнім көлемінің 20% - ға жуығын құрайды. Кәсіпкерліктің мейілінше шыңында тұрған түркістандық "Grand Mix" өз тарихын кәсіпорын 20 жыл бұрын, 4 адам жұмыс жасайтын кішігірім цех ретінде бастаған. Жыл өткен сайын өндіріс өркендеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында компания өндірілген өнімдердің ассортиментін арттырып, нағыз жиhаз фабрикасына айналды. 

2016 жылдың қазан айында Түркістанның индустриалды аймағында 6 мың шаршы метрлік сақтау орны бар, 2 мың шаршы метрден астам өндірістік цех ашылды. Зауыт аумағында  ламинадты тақтайшалар шығаратын цех салуға мүмкіндік болды, ол үшін мемлекеттік бағдарлама арқылы қол жеткізілген 500 млн теңгеден астам сомаға өндіріс машиналары мен жабдықтар алынды.

Бүгінгі күні зауыт Қазақстан Республикасындағы ірі өндіруші, ал «Гранд Микс» атауы халықаралық трендтерді қолдайтын жиһаз өндірісі саласында брендке айналды. Жиһаз өндірісі саласында Гранд Микс қалада және тұтастай республикадағы жиһаз сәнінің заңды шығарушысы болып саналады. Зауыттың қызметкерлері шын мәнінде бірегей дизайнерлік жиһаздың керемет коллекцияларын жасап шығаруда. Зауытта өндірістің технологиялық үдерісі де сақталынады. Әрбір өнім барлық кезеңдерден өтеді: материалды аралаудан жиақтауға дайін және дайын өнімді орау. Зауыттың барлық цехтары заманауи жабдықтармен жұмыс жасайды.

Жылдан жылға өндіріс кеңейді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын шығарылатын өнімнің ассортиментін арттырып, қойма ғимаратын салып, нағыз жиһаз фабрикасына айналды. Кәсіпорынның өнімдері барлық өңірлерге жақсы таныс. Ол республиканың 14 облысында және Бішкек, Қырғызстан қалаларында да жеткізілуде. Қазір Ресей мен Әзірбайжан өңірлерінен өтінімдер қабылдануда. "Grand Mix" жылына 1,5-2 млрд теңгеге жиһаздың бірнеше түрін шығарады. Мұнда 145 жергілікті тұрғын еңбек етеді.