«Сайдигани» кәсіпорны әлемдік нарыққа шығуға ниетті

Қысқаша

«Сайдигани» кәсіпорны әлемдік нарыққа шығуға ниетті

Znalezione obrazy dla zapytania промышленность обуви

Түркістан биылдары отандық өндіріс орындарын көптеп ашуды көдеп, ел бойынша жақсы ат салысып отырған өңірлердің бірі. Қалада отандық өнімдерді өндірумен айналысатын бірқатар өндіріс орындары жұмыс атқарады. Мәселен тұрмысқа қажетті тауар, азық-түлік өндірісі бойынша қала былтырғыға қарағанда біршама алға ілгерілеушілік сабы байқалады. Оның себебі облыс орталығында биыл кәсіпкерлік орталығы арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қарқынды жұмысы деуге болады.

Аталған бағдарлама бойынша кәсібін ашуға ниет білдіріп жатқандардың саны көп. Өз кәсібін ашуға ниеттілермен қатар, қолындағы кәсібінің өрісін көбейтемін деушілер де жоқ емес. Солардың бірі "Сайдигани" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де осы жылы Атамекен кәсіпкерлер палатасының «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы кәсібін дамыту мақсатында 10 млн. теңге көлемінде қаражат алмақ. Шағын бизнес өкілдігі негізінен аяқ киім өндірісімен айналысады. Өндіріс орны қызметкерлерінің айтуы бойынша отандық өнімге қызығушылық танытып, аламын деушілер де көп екен. Кәсіпорынның алдағы мақсаты аяқ киім өндірісінен елдегі алдыңуғы қатардағы өндіруші орталықтардың біріне айналу екен.

Шеберхана болашақта сапалы аяқ киімдерімен әлемдік нарықтан да бой көрсетке Түркістан қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтатын, мерейін арттыратыны анық.