Түркістандық кәсіпкер қаланы отандық өніммен көркейтпек

Қысқаша

Түркістандық кәсіпкер қаланы отандық өніммен көркейтпек

Screenshot_2.jpg

Түркістан қаласының гүлденуіне кәсіпкерлер де зор үлестерін қосып жүр. Мысалы, қаладағы «Жеңіс», «Парасат» саябақтары, «Түркі бағы», «Нұртас Оңдасынов» кешені, «Рәміздер алаңы», темір жол вокзалы алдындағы арбат қала тұрғындары үшін өте маңызды мәдени орындар қатарында. Қазіргі таңда осы орындарға ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басында халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда бірқатарының құрылысы қызу жүргізілуде. Міне, осы жұмыстарды  «Өмір жолы» ЖШС құрылыс компаниясы атқарып жатыр.

Қазіргі таңда олар Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының сол жақ бөлігінде орналасқан демалыс алаңшасы қайта жаңғыртуда. Мердігер мекеменің басшысы Бақдәулет Тұрмановтың айтуынша, көріктендіру жұмыстары өз кезегімен жүргізілуі үшін жалпы саны 30 жұмысшы жұмылдырылған. Бүгінде жұмыстың 90 пайызы дайын деуге негіз бар. Театрсүйер көрермендер мен қала тұрғындары үшін жайлы демалыс аймағына айналатын аллея аумағы 0,4 гектар. 26 маусым күні басталған жоба 1 тамызда аяқталады деп күтілуде. Гүлзарлы мекенге жарықшамдар, шырша ағаштары, 2 бастырмамен қоса 8 метрлік субұрқақ, демалыс орындықтары және екі мүсін орнатылатын болады. Кәсіпкер бұл жұмыстарға отандық өнімдерді пайдалануда. Бақдәулет Тұрысбеков осы арқылы отандық өнімді қолдап, қаланың көркеюіне өз үлесін қосып жүргеніне қуанышты.