Жастарға жемқорлықтың алдын-алу шаралары түсіндірілді

Қысқаша

Жастарға жемқорлықтың алдын-алу шаралары түсіндірілді

18.jpg

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан жоғары медициналық колледжінің студенттері арасында түсіндірме жұмыстары өтті.

Іс-шараның мақсаты – Елбасы Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Жиында сөз сөйлеген Департаменттің бас маманы Ғ.Жүндібаев қолданыстағы Заң талаптарын және Агенттікпен бастау алған жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түрлі Жобалар мен бағдарламаларды кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланып, іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.