Балабақша қызметкерлері семинарға қатысты

Қысқаша

Балабақша қызметкерлері семинарға қатысты

19.jpg

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекетіміз Кеңес Одағы кеңістігінде алғаш рет «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын қабылдады. Бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптері анықталып, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Түркістан қаласындағы «Балапан» бала - бақшасының ұжымымен кездесу өтті.

Кездесуде сөз алған Департаменттің бас маманы Ғ.Жүндібаев сыбайлас жемқорлық күрес шараларын күшейтумен, оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл кою ең басты міндеттердің бірі екендігі айтылды.

Семинар соңында тақырыптық бағытта бірқатар сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.