Түркістанда атаулы әлеуметтік көмек аясында тұрғындарға жағдай жасалуда

Қысқаша

Түркістанда атаулы әлеуметтік көмек аясында тұрғындарға жағдай жасалуда

17.jpg

Қоғамда еңбекке жарамды адамдармен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар да болады. Олар жеткілікті деңгейде жұмыс істеп, қазынаға салық түсіре алмайды. Әрине, мұндай азаматтарды қоғамнан тықсырып тастауға болмайды. ҚР Конституциясында қоғамдағы әрбір азамат – республиканың басты байлығы екені айтылған. Сондықтан да, оларға қол ұшын созған абзал.  

ОСыған орай, биыл Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі бойынша 173 мың азаматқа қолдау көрсетіліп, 2,8 млрд теңге қаржы берілген. 

Оның ішінде 2580 адам өз ісін ашып, кәсіпкер ретінде тіркелген. Сондай-ақ 54 мың азамат нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан. Кентаулық Әзімхан Мұсахановтың таза ауызсу шығаратын цех ашқанына көп бола қойған жоқ. Істің көзін таба білетін кәсіпкер жігіт атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі бойынша 300 мың теңге қаржы алған. Оған өз қаражатын қосып су тазартатын қондырғы сатып алыпты. Ісі оңала бастаған соң ауылдың 4 азаматын жұмысқа алған.

Өңірде 54 мың азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысқан. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 8 мыңнан аса тұрғын қысқамерізімді кәсіптік білім беру курсына оқуға жіберіліпті. 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиевтың айтуынша, бірінші бағыт шеңберінде «Әр ауылға өз шебері» атты акция аясында жұмыстар жасалды. Биыл осы акция аясында 2500-ден аса азамат қысқамерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Сондай-ақ 4 мыңнан аса адам оқуын бітіріп, оның 60 пайыздан астамы тұрақты жұмыспен қамтылды.