«Саттарханов туралы фильм екі тілде дыбысталмақ. Онда боксшының өмірбаяны мен үлкен спорттағы жеткен жетістіктері туралы баяндалады. Алдымен 5 бөлімнен тұратын сериал ретінде түсіру жоспарлануда, одан бөлек ғұмырнамалық толықметражды фильм түсіріледі. Қазіргі таңда марқұм болған боксшының ата-атасы және бапкерлері арасында келіссөздер болып жатыр. Фильмді танымал режиссер Мұрат Бидосов өз қолына алмақ», - дейді «Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек.
Продюсер фильмнің көп бөлігі боксшының туған жері - Түркістан қаласында түсірілетінін және келер жылы жарыққа шығатынын айтты.