Теңгеге 25 жыл

Қысқаша

Елімізде ұлттық валюта Елбасының «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 Жарлығымен 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді.

44.jpgКейін 1998 жылдан бастап, 15 қараша кәсіби мереке ретінде Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесі болып белгіленді.

Биыл экономикалық тәуелсіздігіміздің нышанына, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгеніне 25 жыл толып отыр.

Айтулы мереке қарсаңында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев еліміздегі қаржыгерлерді, банк қызметкерлерін және барша отандастарымызды құттықтады.