
Бүгін “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы жанындағы “Мейірім құшағы” балалар, әйелдер және отбасы істері жөніндегі комиссиясының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Маликова Гүлшат Мелдезанқызы мен комиссия мүшесі Айтмазанбетқызы Рыскүл Төлеби ауданы, Ленгер қаласындағы Түркістан облысы білім басқармасының №8 колледжі МКҚК ұжымымен және білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастармен отбасы құндылықтары, адамгершілік пен тәрбиенің маңызы, жеке жауапкершілік пен болашаққа сенім туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Студенттер өз ойларын ортаға салып, пайдалы пікір алмасу болды.
Ізгі ниетті қабылдағаны үшін оқу орнының директоры Қалиева Нұрсұлу Абдешқызына және колледж ұжымына алғысымызды білдіреміз!
Осындай кездесулер арқылы өскелең ұрпаққа жақсылық пен мейірімнің, ынтымақ пен отбасылық құндылықтардың мәнін ұғындыру – біздің басты мақсатымыз.
