Генерал жеке қабылдау өткізді

Қысқаша

Генерал жеке қабылдау өткізді

далбеков.jpg

Шымкент қаласы Полиция департаментінде әр аптаның сәрсенбісінде күндізгі сағат 15:00-18:00 аралығында полиция генерал майоры Қайрат Дәлбековтің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өтеді. 

Халықпен кездесуге полиция департаментінің бастығынан бөлек, барлық басшылық құрам қызметкерлері қатысып, әр арыз-шағым бойынша сауалдарға жауап береді. 

Мәселен, жыл басынан бері генерал Қайрат Сұлтанбайұлының жеке қабылдауына 195 адам қатысқан. Ал, кеше 20 адаммен жүздесіп, оларды мазалаған мәселелерге назар аударды. Тұрғындардың басым көпшілігі, алаяқтыққа және қылмыстық істерді тергеу мәселесіне қатысты арыз-шағымдары мен пікірлерін жеткізді. Сәйкесінше, департамент бастығы Қ.Дәлбеков аталған саланың жауапты мамандарына қатаң тапсырма беріп, әр істі жеке бақылауында ұстайтынын ескертті. 

Бұдан бөлек, жиналғандар арасында полиция қызметкерлеріне деген алғысы бар азаматтар да кездесті. Оның ішінде, зейнеткер қарт кісі полицейлердің құқықтық көмек көрсетіп, жол сілтегені үшін және үлкенге деген зор құрметі мен кішіпейілдігі үшін алғыс білдірді. 

-Егер сіздің де шешілмеген мәселеңіз, тыңдалмаған уәжіңіз болса  97-66-39  байланыс нөміріне хабарласып, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің жеке қабылдауына жазыла аласыздар,-деп хабарлады Шымкент қаласының Полиция департаменті.